ПОДЕЛИТЬСЯ
26 тамыз 2021 | 10:48
"Талибан" Ауғанстан банктерін ашуға бұйрық берді
"Талибан" қозғалысының өкілдері (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстандағы банктерді ашу туралы бұйрық шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Талибан" қозғалысының өкілдері (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстандағы банктерді ашу туралы бұйрық шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сілтеме жасап.
"Елдегі барлық банк, соның ішінде Орталық банк өз жұмысын қайта бастайды. Банк қызметкерлерін жұмысына шығуға шақырамыз", - деді топтың өкілі Забихулла Муджахид.
Ауғанстан банктерінің қауымдастығы (ABA), Орталық банкпен қалыпты жағдайға оралу қадамдарын жасау үшін байланысқа шықты, деді Ауғанстан Ислам банкінің (IBA) атқарушы директоры және президенті, елдің ең ірі үш банкінің бірі Сайед Муса Калим Әл-Фалахи.
Оның айтуынша, коммерциялық банктер Орталық банк қауіпсіздік шараларын қамтамасыз еткенге дейін қызметті тоқтата тұру туралы ұжымдық шешім қабылдаған.
"Егер банктер дереу ашылса, толқуды басу қиын болады", - деп қосты ол.
Ауған банктері он күн бойы жабылғанын және "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алғаннан кейін елдің қаржы жүйесі тоқтаған. Осы уақыт ішінде көптеген ауылда банктер жұмыс істемеді. Елде қолма-қол ақша тапшылығы басталып, Ауғанстан қаржылық құлдырау алдында тұр.
Агенттік мәліметінше, несие берушілер үшін перспектива тұрақсыз болып тұр, өйткені оларда тәліптердің қаржылық сауаттылығы қаншалықты, олар 40 жыл соғыстан зардап шеккен экономиканы қалпына келтіре ала ма деген сұрақтар туындайды.
Бірнеше күн бұрын Халықаралық валюта қоры елдегі саяси жағдайға байланысты Ауғанстанның ХВҚ ресурстарына қол жетімділігін тоқтатты.
АҚШ ақша тәліптердің қолына түспеуі үшін, Ауғанстанға аудармауға шешім қабылдады. Сонымен қатар, Вашингтон тәліптер АҚШ-тың қаржы ұйымдары басқаратын Ауғанстан Үкіметінің шоттарын бұғаттады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба?Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также