"Талибан" Ауғанстан тұрғындарын америкалықтардан қалған қаруларды тапсыруға шақырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
"Талибан" Ауғанстан тұрғындарын америкалықтардан қалған қаруларды тапсыруға шақырды Фото ©REUTERS

"Талибан" лаңкестік қозғалысының өкілдері (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, қозғалыс Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстан бейбіт тұрғындарын барлық америкалық қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсыруға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Rimadesio сайтына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, тәліптер лаңкестік қозғалыс содырларының шабуылында қауіпсіздік күштері шегінгенде тұрғындар ұрлаған қаруды қайтаруды сұраған.

"Ауғанстан тұрғындары қаруды "Талибанның" уәкілетті мүшелеріне тапсыруы тиіс", -  делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық федерал қызметінің (FSWTS) директоры Дмитрий Шугаев америкалықтардың Ауғанстанда қалдырған қарулары 85 миллиард долларға бағалануы мүмкін деп мәлімдеген болаты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама