ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қыркүйек 2021 | 09:23
"Талибан" Ауғанстан үкіметінің құрамын жариялады
"Талибан" (Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) Ауғанстан уақытша үкіметінің жаңа құрамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Талибан" (Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) Ауғанстан уақытша үкіметінің жаңа құрамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Билікке келгендер:
- премьер-министрдің міндетін атқарушы - Хасан Ахунд ("Талибан" басшылық кеңесінің басшысы, 1996 жылдан 2001 жылға дейін СІМ басшысы);
- вице-премьердің міндетін атқарушы - молда Абдул Ғани Барадар (қозғалыс саясаттанушысының басшысы);
- екінші вице-премьердің міндетін атқарушы - Абдул Салам Ханафи (политофис басшысының орынбасары);
- корғаныс министрінің міндетін атқарушы - Мохаммад Якуб ("Талибан" басшысының орынбасары);
- ІІМ басшысының міндетін атқарушы - Саражуддин Хаккани;
- барлау басшысының міндетін атқарушы - Абдул Хак Васик;
- СІМ басшысының міндетін атқарушы - Әмір Хан Мутаки (қозғалыс басшылығының бұрынғы өкілі);
- экономика министрінің міндетін атқарушы - Мохаммад Ханиф;
- қаржы министрінің міндетін атқарушы - Хедаятулла Бадри;
- Ауғанстан Орталық банк басшысының міндетін атқарушы - Мохаммад Идрис.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также