24 тамыз 2021 | 10:02

Талибан балалар мен қарттарды қалқан ретінде пайдаланды деп айыпталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
©REUTERS

Өзін уақытша мемлекет басшысы деп жариялаған Ауғанстанның вице-президенті Амрулла Салех "Талибан" террористік ұйымының содырларын (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, қозғалыс Қазақстанда тыйым салынған) балалар мен қарттарды тірі қалқан ретінде пайдаланды деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзін уақытша мемлекет басшысы деп жариялаған Ауғанстанның вице-президенті Амрулла Салех "Талибан" террористік ұйымының содырларын (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, қозғалыс Қазақстанда тыйым салынған) балалар мен қарттарды тірі қалқан ретінде пайдаланды деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы саясаткер Twitter-парақшасында мәлімдеді.

"Тәліптер Андараб алқабына азық-түлік пен жанармай өткізбейді. Гуманитарлық жағдай қиын. Мыңдаған әйел мен бала тауға қашып кетті. Соңғы екі күннен бері балалар мен қарттарды ұрлап, оларды қозғалу немесе үйлерді тінту үшін қалқан ретінде пайдаланады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен бірге, елден қашқан Президент Ашраф Ғани жанындағы ішкі істер министрі болған Мохаммад Масуд Андараби адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдарды Андарабтағы содырлар әрекетін тергеуге шақырды.

"Талибанның бейбіт тұрғындарға қатысты зұлымдықтары ақталмайды", - деп жазды ол Twitter-де.

Айта кетейік, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары (Жоғарғы сот шешімі бойынша Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.

Бұған дейін "Талибан" қозғалысының өкілі Сухейл Шахин 31 тамыз - АҚШ әскерін елден шығару бойынша соңғы күн екенін мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная