15 қыркүйек 2021 | 09:32

"Талибан" басшылары үкімет құрамына байланысты жанжалдасты - БАҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
@Reuters

Ауғанстанды бақылайтын "Талибан" қозғалысының басшылары арасында (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) жанжал туындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауғанстанды бақылайтын "Талибан" қозғалысының басшылары арасында (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) жанжал туындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап.

"Талибан" қозғалысының негізін қалаушылардың бірі, вице-премьер Абдул Ғани Барадар босқындар министрі Халил Рахман Хакканимен және тәліптермен тығыз байланысты "Хаккани желісінің" белді өкілімен Президент сарайында өткен кездесу кезінде жанжал шығарды.

©REUTERS

Реклама
Реклама

Дереккөздердің бірі екі шенеуніктің өзара ауыр сөздер айтқанын мәлімдеді. Жанжал төбелеске ұласқан.

"Талибан" қозғалысының Катардағы аға мүшесі және оқиғаға қатысушылармен байланысқан адам жанжал туралы ақпаратты растады.

Дереккөздердің хабарына қарағанда, дау Барадардың Ауғанстанның жаңа үкіметінің құрамына қанағаттанбауынан шыққан. Жанжал, сонымен қатар, Ауғанстанды жеңу үшін тәліптердің бір өкілі жауапкершілікті өз мойнына алуы керек деген келіспеушіліктен туындады.

Барадардың жеңіске дипломатияға баса назар аудару арқылы келгенін, болашақта да дипломатияға баса назар аудару керек десе, тәліптердің ең жоғары дәрежелі басшыларының бірі басқаратын Хаккани желісінің мүшелері бұған тек соғыс арқылы қол жеткіздік деп есептейді.

Абдул Гани Барадар/©REUTERS

Барадар - АҚШ Президентімен тікелей келіссөздер жүргізген тәліптерден шыққан алғашқы жоғары лауазымды өкіл. Ол 2020 жылы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен. Бұған дейін ол Дохада америкалық әскерді Ауғанстаннан шығару туралы келісімге қол қойды.

Сонымен бірге, "Хаккани желісі" кейінгі жылдары Ауғанстан қарулы күштері мен олардың батыс одақтастарына қарсы жасалған ең қанды шабуылдармен танымал. АҚШ билігі оны террористік ұйым деп санайды. "Хаккани желісінің" жетекшісі Сираджуддин Хаккани Ауғанстанның жаңа үкіметінің ішкі істер министрі болып тағайындалды.

Тәліптер арасындағы қақтығыс туралы қауесеттер өткен аптада, қозғалыстың ең танымал өкілдерінің бірі Барадар кенеттен көпшілік алдында көрінуді тоқтатқаннан кейін басталды. Әлеуметтік желілерде оның өлімі туралы болжамдар да пайда болды.

Алайда, "Талибан" арасындағы ақпарат көздері қақтығыстан кейін Барадар Кабулдан кетіп, Кандагарда екенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная