01 қыркүйек 2021 17:09

"Талибан" жаңа министрлерді тағайындады - БАҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

"Талибан" қозғалысының ресми өкілі (Жоғарғы сот шешімі бойынша Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) жаңадан құрылған үкіметтегі жаңа тағайындаулар туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Khaama Press басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Талибан" қозғалысының ресми өкілі (Жоғарғы сот шешімі бойынша Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) жаңадан құрылған үкіметтегі жаңа тағайындаулар туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Khaama Press басылымына сілтеме жасап.

Қозғалыс өкілінің айтуынша, министрлер кабинетін құруға арналған арнайы кеңес аяқталған, нәтижесі жақын арада жарияланады.

Басылым мәліметінше, Ауғанстанның сыртқы істер министрі болып "Талибан" саяси қанатының жетекшісі молда Абдул Ғани Барадар тағайындалған. Сондай-ақ, елдің Қорғаныс министрлігінің басшысы қызметін қозғалыс жетекшісі молда Омардың ұлы молда Якуб атқарады. Ішкі істер министрі (ІІМ) Халиф Хаккани, аға басшылардың бірі Джалалуддин Хакканидің ұлы болды.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, тәліптер Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзайды және бейбіт келіссөздердің бұрынғы қатысушысы Абдулла Абдулланы өтпелі кезеңде Ауғанстанды басқаратын 12 адамнан тұратын кеңеске қосқан.

Агенттік мәліметі бойынша, жақын арада Ауғанстан үкіметінің толық құрамы жарияланады.

"Үкімет келесі бірнеше күнде құрылады. Біз процесті 90-95 пайызға аяқтадық жақында нәтижесін жариялаймыз", - деді "Талибан" өкілдерінің бірі Анас Хаккани.

Бұған дейін тәліптер Ауғанстанды басып алғаннан кейін алғаш рет көшбасшысының суретін көрсеткен болатын.

17 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялады. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram