19 тамыз 2021 | 13:50

"Талибан" өкілі Ауғанстан демократиялық ел болмайтынын мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

"Талибан" қозғалысының өкілі (Қазақстанда террористік ұйым деп танылып, тыйым салынған) Вахидулла Хашими Ауғанстан демократиялық мемлекет болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Талибан" қозғалысының өкілі (Қазақстанда террористік ұйым деп танылып, тыйым салынған) Вахидулла Хашими Ауғанстан демократиялық мемлекет болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Хашимидің айтуынша, "Талибан" қозғалысы Ауғанстанды қалай басқаратыны туралы көп сұрақ әлі шешілмеген, бірақ Ауғанстандағы жаңа басқару формасы демократиялық болмайды.

"Демократиялық жүйе мүлде болмайды, өйткені біздің елде бұған ешқандай негіз жоқ. Біз Ауғанстанда қандай саяси жүйені қолдану керек екенін талқыламаймыз, себебі бәрі түсінікті. Бұл шариғат заңы", - деді ол.

Реклама
Реклама

Лаңкестік қозғалыс өкілдері "Талибан" билікке келгеннен кейін Ауғанстанды ислам қозғалысының жоғарғы жетекшісі Хайбатулла Ахундзада жетекшісі болатын кеңес басқаруы мүмкін екенін айтты.

Хашимидің айтуынша, "Талибан" жаңа ұлттық күш құруды жоспарлап отыр, оның құрамына қозғалыс мүшелері де, Ауғанстанның бұрынғы әскери ұшқыштары мен оларға қосылғысы келетін сарбаздар да қосыла алады.

"Олардың көпшілігі Түркияда, Германияда және Англияда дайындықтан өтті. Сондықтан, оларды қызметке қайтару үшін сөйлесеміз. Әрине, армияда кейбір өзгерістер, реформалар болады, бірақ олар бізге қажет. Оларды бізге қосылуға шақырамыз", - деді ол.

Хашими осы аптада "Талибан" басшыларының жиналысына қатысып, басқару мәселелерді талқылайтынын айтты.

Агенттік мәліметінше, Хашими айтқан билік құрылымы "Талибан" билігі 1996-2001 жылдар аралығында соңғы рет Ауғанстанды басқару формасына ұқсас болады. 

Айта кетейік, 17 тамызда "Талибан" содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная