26 тамыз 2021 | 15:33

"Талибан" Түркиядан қолдау сұрады - БАҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
©REUTERS

"Талибан" қозғалысы (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) Түркияға шетелдік әскер кеткеннен кейін Кабул әуежайын басқаруға қолдау көрсету туралы өтініш білдірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Талибан" қозғалысы (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) Түркияға шетелдік әскер кеткеннен кейін Кабул әуежайын басқаруға қолдау көрсету туралы өтініш білдірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Екі түрік шенеунігі Reuters агенттігіне тәліптер Түркияға шетелдік әскер кеткеннен кейін Кабул әуежайын басқаруға техникалық көмек сұрап жүгінгенін, сондай-ақ өтініш жасағанына қарамастан, тамыздың соңына дейін өз әскерін алып кетуді талап еткенін айтты.

Сенімді өкілдердің бірінің айтуынша, "Талибан" қозғалысының талабы Түркияны тығырыққа тірейді, дегенмен ел үкіметі бұған дейін Кабул әуежайына көмектесуді сұраса, сол жерде болады деп мәлімдеген.

Реклама
Реклама

"Талибан" Кабул әуежайын басқаруда техникалық қолдау сұрады. Түрік Қарулы күштерінсіз жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қауіпті жұмыс", - деді Түркияның жоғары лауазымды қызметкері. 

Сондай-ақ, ол "Талибан" қозғалысының барлық түрік әскерінің кетуіне деген талабы кез келген миссияны қиындататынын айтты. Оның айтуынша, тәліптермен осы мәселе бойынша келіссөздер жалғасып жатыр, қазіргі уақытта әскерлерді шығаруға дайындық аяқталған.

Тағы бір түрік шенеунігі соңғы шешім 31 тамызда шетелдік әскерлер елден кетіп, Ауғанстанда 20 жылдық әскери қақтығыс тоқтаған кезде қабылданады деп мәлімдеді.

Шетелдік күштер бақылауды тапсырғаннан кейін Кабул әуежайын ашық ұстау Ауғанстанның әлеммен байланыста болуы үшін ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындарға көмек көрсету операцияларын қолдау үшін де маңызды.

"Бұл Ауғанстандағы гуманитарлық қызмет үшін маңызды құтқару шеңберіне айналады", - деді БҰҰ-ның Ауғанстандағы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының директоры Мэри Эллен МакГроарти.

Түркия соңғы екі апта ішінде эвакуация жұмыстарына қатысып, НАТО-ның Ауғанстандағы миссиясының бір бөлігі болды және әлі күнге дейін Кабул әуежайында жүздеген әскері бар.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ауғанстандағы билікті басып алған "Талибан" қозғалысының өкілдерімен ынтымақтасуға дайын екенін жариялаған болатын. Кейін Түркия Ауғанстаннан бір де бір босқын қабылдамайтынын мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная