Тәліптер АҚШ-тан елдің ішкі істеріне араласпауды сұрады

Фото: ©Reuters

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған) көшбасшылары АҚШ делегациясымен келіссөз жүргізді. Тәліптер АҚШ-ты Ауғанстан әуе кеңістігін бұзбауға және елдің ішкі істеріне араласпауға шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сонымен қатар, тәліптер АҚШ-тан гуманитарлық көмек көрсетуді және шетелдік активтерді ашуды сұрады.

Сенбіде Ауғанстан уақытша үкіметінің сыртқы істер министрі Амир Хан Моттаки Катарда америкалық делегациямен кездесуде "қарым-қатынастың жаңа парағын ашуды" талқылағанын айтқан.

Реклама
Реклама

Басылым мәліметінше, келіссөз жексенбіде жалғасады. 

АҚШ-пен алғашқы келіссөзден басқа, "Талибан" өкілдері Еуропалық Одақ делегациясымен кездесіп, кейінгі оқиғаларды талқыламақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама