ПОДЕЛИТЬСЯ
15 тамыз 2021 | 15:56
Тәліптер Ауғанстан астанасы Кабулға кірді
Талибан қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулға кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Талибан қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулға кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің өкілі тәліптер "барлық жақтан" кіріп жатқанын мәлімдеді, бірақ қақтығыстар туралы хабар түскен жоқ. Талибан өкілі Забихулла Муджахид мәлімдемесінде үкіметпен Кабулды бейбіт жолмен тапсыру туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті.
"Тәліптер билікті бейбіт және қанағаттанарлық түрде беру туралы келісімге келгенге дейін Кабулдың барлық кіреберісінде дайын тұруы керек", - делінген хабарламада.
"Әл-Арабия" телеарнасының мәліметінше, Талибан делегациясы Үкіметпен келіссөздер жүргізу үшін Кабулдағы президент сарайына келді.
Tolo News ақпараты бойынша, Ауғанстанның ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Абдул Саттар Мирзаквал Кабулға шабуыл жасалмайтынын және биліктің ауысуы бейбіт түрде өтетінін айтты. Ол сондай-ақ тұрғындарды билік қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ететініне сендірді.
Жергілікті тұрғындар Кабулдың көптеген көшесінде кептеліс болып жатқанын, адамдар үйге немесе әуежайға жетуге асығыс екенін айтып отыр.
"Кей адамдар көліктерін тастап, әуежайға бет алды", - деді тұрғындардың бірі телефон арқылы.
Жексенбіде көтерілісшілер елдің шығысындағы Желалабад қаласын басып алып, олар теңізге шыға алмайтын Ауғанстанға апаратын негізгі магистральдардың бірін бақылауына алды. Тәліптер Пәкістанмен Торхам шекара бекетін де басып алды, бірақ Ауғанстаннан шығуға мүмкіндік беретін жалғыз Кабул әуежайы әлі де үкіметтің қолында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также