ПОДЕЛИТЬСЯ
20 тамыз 2021 | 10:41
Тәліптер Ауғанстан халқын бірлікке шақырады - БАҚ
"Талибан" қозғалысы (Жоғарғы сот қаулысына сәйкес Қазақстанда тыйым салынған) жаппай наразылық ел астанасы Кабулға да жеткеннен кейін Ауғанстан халқын бірлікке шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, "Талибан" қозғалысы ел билігін басып алғаннан бері жұма намазы алғаш рет оқылады. Тәліптер ауған имамдарынан ел тұрғындарын тәртіпсіздіктерді тоқтатуға шақыруын сұрады. Қазіргі уақытта билікке келген "Талибан" қозғалысына қарсы наразылықтар көбейіп келеді, оның ішінде елорда Кабулға да жеткен.
Нангархар мен Кунар провинцияларында наразылық білдірушілер көшеге шықты. Хост провинциясында "Талибан" қозғалысы наразылықты басқаннан кейін, тәулік бойына коменданттық сағат енгізген. Алайда тәліптер наразылықтар мен коменданттық сағат туралы ақпаратты растаған жоқ.
Бұған дейін Ауғанстанның Джалалабад қаласында тәліптер Ауғанстанның мемлекеттік туын қолдап, наразылыққа шыққандарға оқ жаудырғаны хабарланған болатын. Нәтижесінде екі адам қаза тауып, тағы сегіз адам жараланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также