Тәліптер Ауғанстандағы студент ұлдар мен қыздар бөлек оқитынын мәлімдеді

Фото: ©REUTERS

Ауғанстандағы студент ұлдар мен қыздар бөлек оқитын болды. Бұл туралы Tolo News телеарнасы "Талибан" тағайындаған ("Талибан" қозғалысы Қазақстанда тыйым салынған) елдің жоғары білім министрінің міндетін атқарушы Абдулу Баки Хакканиге сілтеме жасап мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хакканидің сөзінше, қыздар білім алуға құқылы, бірақ олар жігіттермен бірге оқи алмайды. Ол студент қыздарға "қауіпсіз білім беру ортасын" жасауға уәде берді.

Сонымен қатар, ол жақында университеттер қайта ашылып, жоғары білім министрлігінің оқытушылары мен қызметкерлеріне жалақы төленетініне сендірді.

Реклама
Реклама

Кабулда Ауғанстанның жоғары білім министрлігінің баспасөз конференциясы өтті, оған университет оқытушылары, ғылыми орта өкілдері және ведомствоның бұрынғы шенеуніктері қатысты. Олар тәліптерді жаңа білім беру жүйесін құрудың орнына қолданыстағыны сақтауға және жаңғыртуға шақырды. Бұл туралы РИА Новости Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама