ПОДЕЛИТЬСЯ
13 тамыз 2021 | 12:19
Тәліптер Ауғанстанның екі ірі қаласын басып алғанын мәлімдеді
"Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның екі ірі қаласын басып алғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның екі ірі қаласын басып алғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Талибан қозғалысына Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес Қазақстанда тыйым салынған.
"Талибан" радикалды қозғалысының өкілі Забиулла Муджахед Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинцияның орталығы Кандагар қаласын толықтай, сонымен қатар провинцияның орталығы Герат қаласын басып алғанын мәлімдеді. Кандагар - көлемі жөнінен елдегі екінші үлкен қала, ал Герат - үшінші.
"Қандагар толық бақылауда. Моджахедтер Шахид алаңына кірді", - деп жазды Забихулла Муджахед Twitter-парақшасында.
Оның айтуынша, тәліптер тағайындаған губернатор Хаджи Вафа аймақтағы міндеттерін орындау кіріскен және халыққа үндеу жасады. Ауғанстан шенеуніктері қаланы тәліптер басып алғаны туралы ақпаратты әлі растаған жоқ.
Гератта тәліптер полиция бөлімі, алаң мен әкімшілік ғимаратты басып алған. Көптеген техника мен қару олардың қолына түскен. Моджахедтің айтуынша, үкіметтік күштер шығынға батып, шегініп жатыр. Ұрыс әлі де жалғасып жатыр.
Сонымен қатар, тәліптер Газни, Таринкот қалалары мен Гузар ауданы басып алынғанын мәлімдеді. Газни - 150 мың халқы бар қала, ол Кандагар мен елдің астанасы Кабул арасында орналасқан. Бұл "Талибан" шабуылының стратегиялық маңызды нүктесі - ол Кабулға тікелей жол ашады.
Бұған дейін бірнеше күн ішінде "Талибан" жеті ауған провинциясының астанасын басып алғаны туралы хабарланған болатын. Бір күн бұрын солтүстік-шығыста Талибан Тәжікстанның жанындағы стратегиялық маңызды қала - Кұндызды басып алды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также