ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 қыркүйек 2022 08:54
Тәліптер әйелдер митингісін оқ атып таратты
"Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) өкілдері Ирандағы наразылықты қолдаған әйелдер шеруін ауаға оқ атып таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Кабулдағы Иран елшілігінің ғимаратына "Иран көтерілді, енді біздің кезегіміз!" деген жазуды көтерген 25-ке жуық әйел келіп наразылық білдірді.
Басылым мәліметінше, тәліптер митингіге шыққандарды таратуға тырысып, аспанға оқ жаудырған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу