1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Тәліптер ДАИШ лаңкестерінің бір тобы жойылғанын хабарлады

Ауғанстан астанасы Кабулдағы қақтығыс кезінде ДАИШ террористік тобының содырлары (Ислам мемлекеті - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым)

Фото: © REUTERS

Ауғанстан астанасы Кабулдағы қақтығыс кезінде ДАИШ террористік тобының содырлары (Ислам мемлекеті - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) жойылғанын "Талибан" өкілі мәлімдеді (Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Талибан" ақпарат көзі террористер атыс кезінде өлтірілгенін айтты.

Куәгердің РИА Новостиге айтуы бойынша, Кабулдың 17-ауданында әртүрлі қарудан атыс естілген. Белгісіз адамдар екі жақтан оқ атқан. 

2 қазанда түстен кейін Кабулдағы негізгі мешіттердің бірі - Идгах мешітінің маңында жарылыс болғаны анықталды. 12 жергілікті тұрғын қаза тауып, 32 адам жараланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!