25 тамыз 2021 | 13:18

Тәліптер жұмыс істейтін әйелдерге үйде отыруға бұйрық берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Тәліптер жұмыс істейтін әйелдерге (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған) елде толық қауіпсіздік орнамайынша үйде отыруға, жұмысқа бармауға бұйрық берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тәліптер жұмыс істейтін әйелдерге (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған) елде толық қауіпсіздік орнамайынша үйде отыруға, жұмысқа бармауға бұйрық берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider-ге сілтеме жасап.

"Талибан" қозғалысының өкілі  Забихулла Муджахид Кабулдағы баспасөз мәслихатында әйелдердің жұмысқа шығуына шектеу ұзаққа созылмайтынын айтты.

"Біз әйелдерден елде толық қауіпсіздік орнамайынша үйде отыруды сұраймыз. Бұл уақытша", - деді ол.

Реклама
Реклама

Тәліптер бұл уақытша екенін айтып сендіргенімен, халық 1996-2001 жылдары елді тәліптер билеген кездегі, әйелдерге қойылған қатаң шектеулер қайта күшіне енуі мүмкін деп қорқады.

"Талибан" билікте болған кезде, әйелдерге толық жабық киім киюді талап ететін қатаң ислам заңдарын енгізген. Оларға мектепке баруға, жұмыс істеуге тіпті үйден ер адамсыз шығуға тыйым салған болатын.

Тәліптер Кабулды басып алғаннан кейін, өз содырларына үйлендіру үшін 15 жас пен 45 жас аралығындағы басы бос әйелдердің тізімін талап еткені айтылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная