05 қыркүйек 2021 | 09:19

Тәліптер наразылыққа шыққан әйелдерге көзден жас ағызатын газ қолданған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: tolonews.com

"Талибан" қозғалысы (Жоғарғы сот үкімі бойынша, Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) наразылыққа шыққандаға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды. Олардың көпшілігі құқығын қорғауды талап еткен әйелдер. Бұл туралы TOLOnews хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Талибан" қозғалысы (Жоғарғы сот үкімі бойынша, Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) наразылыққа шыққандаға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды. Олардың көпшілігі құқығын қорғауды талап еткен әйелдер. Бұл туралы TOLOnews хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

Белсенділердің бірінің айтуынша, президент сарайына жақындаған кезде тәліптер шеруге шыққандарға "шабуыл жасаған". Олардың айтуынша, бірнеше әйел соққыға жығылған.

"Осыдан 25 жыл бұрын Кабулға келген тәліптер маған мектепке баруға рұқсат бермеді. Мен тәліптер құлағаннан кейін оқыдым, болашақ үшін күш салдым. Бұл жетістіктің жоғалуына жол бермеймін", - деді Азита тілшісі.

Реклама
Реклама

"Талибан" қозғалысы "бақылаудан шыққан шерушілерге" қарсы көз жасаурататын газ қолданудан басқа амалы жоқ екенін айтты.

"Талибан" қозғалысы әйелдердің болашақ үкіметте жоғары лауазымға ие болмайтынын жариялағаннан кейін Кабул мен Гератта наразылық акциялары өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная