09 қыркүйек 2021 08:57

Тәліптер Норвегияның Кабулдағы елшілігіне басып кірді

Фото ©REUTERS

"Талибан" радикал қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған - авт.) содырлары Норвегияның Кабулдағы елшілігіне басып кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Талибан" радикал қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған - авт.) содырлары Норвегияның Кабулдағы елшілігіне басып кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Норвегияның Ирандағы елшісі Сигвальд Хауге Twitter-дегі парақшасында мәлім етті. Дипломаттың айтуынша, қозғалыс өкілдері ғимаратты кейін қайтаруға уәде берген.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта тәліптер Норвегияның Кабулдағы елшілігіне кірді. Бізге оны кейін қайтарамыз дейді. Бірақ алдымен шарап бөтелкелерін сындырып, балалар кітаптарын жою керек. Шамасы, олар қаруды одан қауіпті емес деп санайды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін "Талибан" Ауғанстан уақытша үкіметінің құрамын жариялаған болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram