09 шілде 2021 | 09:40

Тәліптер Орталық Азияға тиіспеуге уәде берді

Фото: Sputnik Тәжікстан

8 шілдеде Мәскеуге барған ауғанстандық "Талибан" қозғалысының делегаттары Ресей үкіметінің өкілдеріне Орталық Азия елдерінің тұтастығын бұзбауға уәде берді. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

8 шілдеде Мәскеуге барған ауғанстандық "Талибан" қозғалысының делегаттары Ресей үкіметінің өкілдеріне Орталық Азия елдерінің тұтастығын бұзбауға уәде берді. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Келіссөздер барысында Ресей Президентінің Таяу Шығыс Республикасындағы арнайы өкілі Замир Кабулов елдің солтүстігіндегі жағдайдың тұрақсыздығына алаңдаушылық білдіріп, тәліптерді қақтығыстың Ауғанстаннан тыс жерлерге шығуына жол бермеуге шақырды. Делегация мүшелері Орта Азия мемлекеттері мен шетелдік өкілдіктер шекараларының ел аумағындағы қауіпсіздігіне кепілдік берді.

Сондай-ақ, делегация өкілдері халықтың этникалық топтарының мүдделерін ескере отырып, келіссөздер жүргізу арқылы елде тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге мүдделі екенін, сондай-ақ, ислам нормалары мен ауған дәстүрлері шеңберінде адам құқықтарын, оның ішінде әйелдердің құқықтарын сақтауға дайын екенін растады.

Реклама
Реклама

Тәліптер 20 жылдан кейін бас көтерді. Ауғанстанда не болып жатыр?

Олардың Ауғанстандағы ИШИМ қаупімен күресуге және азаматтық соғыс аяқталғаннан кейін ел аумағында есірткі өндірісін жоюға деген берік шешімі ерекше атап өтілді.

Еске салайық, бұған дейін "Талибан" қозғалысының содырлары Тәжікстанмен шекаралас Пяндж өзені арқылы өтетін көпірде жалауын көтерген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная