02 қыркүйек 2021 | 10:24

Тәліптер Панжшер провинциясын қоршап алғанын мәлім етті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
@Reuters

"Талибан" қозғалысының содырлары (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, Қазақстанда тыйым салынған) Панжшер провинциясын қоршап алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Талибан" қозғалысының содырлары (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, Қазақстанда тыйым салынған) Панжшер провинциясын қоршап алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters порталына сілтеме жасап.

Тәліптердің мүшесі Амир Хан Моттаки Панжшер провинциясының басшыларымен келіссөз нәтиже бермегендіктен күш қолдану арқылы қоршап алғанын мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Тәліптер Панжшердегі ауған азаматтырына жазған сөзінде қару-жарақтарын тастауға, олардың жетекшісі Ахмад Масудты берілуге шақырды.

"Ауғанстан Ислам Әмірлігі - барлық ауған азаматының өз үйі", - деді ол.

Моттакидің айтуынша, тәліптер Панжшер алқабының төрт жағынан келіссөз жүргізіп жатыр, соғысқа ешқандай себеп жоқ. Ол тәліптерді НАТО мен АҚШ күштерінің қолдауымен жеңе алмайтынын есте сақтауы керегін айтты.

"Панжшердегі мәселені тыныш және бейбіт жолмен шешуге бар күшімізді саламыз", - деді Моттаки.

Панжшер алқабындағы күштерді топтастырған Ауған қарсыласу майданының өкілі тәліптер қатарынан екінші күн 3-4 аймақтағы провинцияға сәтсіз шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная