Тәліптер Тәжікстанды Ауғанстан ісіне араласады деп айыптады

Фото: REUTERS

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған) қозғалысы басшысының міндетін атқарушы Абдул Ғани Барадар Тәжікстан Ауғанстанның ішкі істеріне араласатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

"Тәжікстан біздің істерімізге араласады, әр әрекетке қарсы әрекет бар", - деді ол Al-Jazeera телеарнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, тамыздың басында Ауғанстандағы жағдай күрт өзгерді, "Талибан" Ауғанстан үкіметінің күштеріне қарсы шабуыл жасап, 15 тамызда Кабулға кірді, келесі күні соғыс аяқталғанын мәлімдеді.

Реклама
Реклама

31 тамызға қараған түні АҚШ әскери күштері Кабулдан кетті. 

6 қыркүйекте тәліптер ұзақ бағындыра алмаған Ауғанстанның 34 провинциясының соңғысы Панжшерді бақылауына алғанын мәлімдеді. 

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысқан болатын. Кездесуде Мемлекет басшысы Ауғанстанға көмек жеткізу үшін Алматыда гуманитарлық хаб ұйымдастыруды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама