ПОДЕЛИТЬСЯ
23 маусым 2021 | 11:02
Тәліптер Тәжікстанмен шекарадағы басты аудандарды басып алды
"Талибан" қозғалысының жауынгерлері (Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және өзге де елдерде тыйым салынған радикалды ұйым) АҚШ және НАТО өз әскерін шығара бастағанда, Ауғанстанға шабуыл бастап, бірнеше әкімшілік ауданды бақылауына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik-Тәжікстан басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Талибан" қозғалысының жауынгерлері (Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және өзге де елдерде тыйым салынған радикалды ұйым) АҚШ және НАТО өз әскерін шығара бастағанда, Ауғанстанға шабуыл бастап, бірнеше әкімшілік ауданды бақылауына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik-Тәжікстан басылымына сілтеме жасап.
Соңғы 10 күнде Тәжікстанмен шекаралас 4 аймақта мемлекеттік әскерилер мен тәліптер арасындағы қарулы қақтығыс жайлы хабарлар нақтыланды.
Қақтығыстар нәтижесінде тәліптер Тахар провинциясының Чохоб, Янги-Кала, Даркад, Дашти-Кала, Ходжа Гар, Кундуз провинциясының Дашти-Арчи, Имам Сахиб пен Калаи-Золь аудандарын басып алған.
Ауған телеарнасының дерегіне сүйенсек, "Талибан" қозғалысының әскері Шерхан-Бандар сауда және кеден өткелін де жаулап тастаған. Басылымның мәліметінше, қала және оның маңындағы Пяндж өзеніндегі екі жолақты көпір - Иран мен Пәкістаннан тауар келетін негізгі транспорт артериясы.
22 маусымда, кешке Тәжікстан Мемлекеттік Ұлттық Қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз орталығы арнайы мәлімдемесінде Шерхан-Бандар өткелінде "Талибан" әскерімен ығыстыралған 134 сарбаз өз қаруларымен Тәжікстан аумағына өтуге мәжбүр болғанын айтты.
"Тәжікстан шекарашылары адамгершілік ұстанымын басшылыққа алып, мемлекеттік шекарадан өткен ауған әскеріне ешқандай кедергісіз Тәжікстан аумағына кіруге рұқсат берді", - делінген хабарламада.
Шерхан-Бандарда тәліптерге тұтқынға түскен, жараланған және қаза тапқан ауған сарбаздарының жалпы саны 100-ге жуық.
Соңғы екі айда Ауғанстандағы 50 аудан "Талибан" қолына өткен немесе қалдырып кеткен. Олардың басым бөлігі - солтүстік аудандар. Мұндағы аудандардың көбісінде жағдай әлі даулы. Мемлекеттік күштер мен тәліптер арасындағы қақтығыс соңғы бірнеше апта жалғасып келеді.
Ресми деректер бойынша, "Талибан" қозғалысының шабуылдары АҚШ әскерін шығару жайлы шешім қабылданғаннан кейін күрт жиілеген. Қазір олар елдегі 34 провинцияның 26-да соғысып жатыр. АҚШ және НАТО әскерін Ауғанстаннан шығару 1 мамырда басталып, 11 қыркүйекке дейін жалғасады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также