09 тамыз 2021 09:26

Тәліптер Тәжікстанмен шекарадағы басты қала саналатын Құндызды басып алды

Фото: © Reuters

"Талибан" радикалды қозғалысы Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз қаласын басып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы жексенбіде жергілікті шенеуніктер CNN-ге мәлімдеді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Талибан" радикалды қозғалысы Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз қаласын басып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы жексенбіде жергілікті шенеуніктер CNN-ге мәлімдеді. 

Айта кетейік, Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес, Қазақстанда "Талибан" қозғалысына тыйым салынған.

Телеарна мәліметінше, 375 мың адам тұратын Құндыз - мамырда тәліптер шабуыл бастағаннан бері құлаған алғашқы ірі қала. Құндыздың елде стратегиялық тұрғыдан маңызды зор. Оны Ауғанстанның солтүстік провинциялары мен Орта Азияның қақпасы деп атайды, өйткені Құндыз Тәжікстанмен шектеседі.

Реклама
Реклама

"Бұл Ауғанстан үкіметі үшін үлкен соққы", - делінді телеарнада. 

Құндыз жергілікті кеңесінің депутаты Амруддин Вели "Анадолу" агенттігіне провинцияның әкімшілік орталығы екі күндік қақтығыстан кейін "Талибан" бақылауына өткенін айтты. Оның сөзінше, полицияның әкімшілік ғимараттары да тәліптердің бақылауында. "Қауіпсіздік күштері мен жергілікті билік Құндыз әуежайына шегінді", - деді ол.

Куәгерлердің айтуынша, содырлар Құндызды басып алған соң түрмелерден тұтқындарды босатқан.

Жексенбіде тәліптер Сар-Э-Пуль провинциясының астанасын да басып алып, Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Тахар провинциясының әкімшілік орталығы Талукан қаласын бақылауға алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram