ПОДЕЛИТЬСЯ
14 шілде 2021 | 09:36
Тәліптер Түркияға қатаң ескерту жасады
Сейсенбі, 13 шілдеде "Талибан" қозғалысы (Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және басқа да бірқатар елдерде тыйым салынған радикалды ұйым) Ауғанстандағы түрік әскерлеріне қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі EADaily-ге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сейсенбі, 13 шілдеде "Талибан" қозғалысы (Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және басқа да бірқатар елдерде тыйым салынған радикалды ұйым) Ауғанстандағы түрік әскерлеріне қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі EADaily-ге сілтеме жасап.
"Түрік басшылығының шешімі біздің егемендігіміз бен аумақтық тұтастығымызды бұзу және ұлттық мүддемізге қайшы келеді. Екі елге де зиян келтіретіндіктен түрік шенеуніктерін шешімді жоюға шақырамыз. Кез келген шетелдік әскердің қандай да бір сылтаумен ел аумағында болуын оккупация ретінде қарастырамыз. Сондықтан басқыншылармен 1422 жылғы хижра (2001) бойынша фатва негізінде күресеміз. Оған сәйкес соңғы 20 жылдағы соғыс - жиһад", - делінген хабарламада.
"Талибан" өкілдері, егер Түркия өз шешімінен бас тартпаса, "жауапкершілік басқалардың ісіне араласатын және осындай асығыс шешім қабылдайтындарға жүктеледі" деп мәлімдеді.
Басылым мәліметі бойынша, маусымның басында "Талибан" өкілі Түркия АҚШ пен "Талибан" келісімі аясында әскерін Ауғанстаннан шығаруы керек деп мәлімдеді.
Осылайша, тәліптер Анкараның Кабул әуежайын күзету үшін әскер қалдыру туралы ұсыныстарына жауап берді. Осыған қарамастан, Түркия әскери күштерін Кабул халықаралық әуежайын бақылау және қауіпсіздігі үшін қалдыратынын жариялады.
Түркияның қорғаныс министрі Хулуси Акардың мәлімдемесіне сүйенсек, Түркия мен АҚШ арасындағы Кабул халықаралық әуежайын басқару және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөнінде келіссөз жалғасып жатыр.
Ведомство басшысы түрік әскери қызметкерлері Ауғанстандағы миссиясын 20 жылдан бері орындап келе жатқанын еске салды.
"Осы жылдар ішінде біз әскери миссияға қатыспадық, қауіпсіздік күштеріне нұсқау бердік, нысандарды күтіп ұстау, қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарымен айналыстық. Алты жыл бойы Кабулдағы әуежайды басқардық. Біздің мақсатымыз - ауған халқының қауіпсіздігі мен гүлденуіне үлес қосу. Елордадағы әуе айлағы жұмысын жалғастыруы керек. Олай болмаған жағдайда Ауғанстан оқшауланған мемлекетке айналады, бұл халықаралық аренада елеулі тәуекелдермен байланысты", - деген министрдің сөзін жариялады "Анадолу".
Сонымен қатар, ол Анкара тәліптердің, соның ішінде Өзбекстан мен Тәжікстан шекарасындағы әрекеттерін мұқият қадағалап отырғанын айтты. "Біз үшін Түркия бағытында босқындардың жаңа толқынын қалыптастыру мәселесі маңызды. Қазіргі уақытта мұндай проблема жоқ", - деді Акар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также