ПОДЕЛИТЬСЯ
20 тамыз 2021 | 14:40
Тәліптердің қолына қанша қару-жарақ пен техника түсті - БАҚ
Бұқаралық ақпарат құралдары "Талибан" қозғалысының (Жоғарғы сот шешімі бойынша қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстандағы билікті басып алғаннан кейінгі әскери әлеуетін бағалады, - деп хабарлайды Reuters.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бұқаралық ақпарат құралдары "Талибан" қозғалысының (Жоғарғы сот шешімі бойынша қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстандағы билікті басып алғаннан кейінгі әскери әлеуетін бағалады, - деп хабарлайды Reuters.
АҚШ барлау қызметінің алдын ала есептеулері бойынша, тәліптерге 2000 брондалған көлік, армияның жолталғамайтын HMMWV көліктері және UH-60 Black Hawks тікұшақтары мен ScanEagle дрондарын қоса алғанда 40 ұшаққа дейін техника қалған.
АҚШ әскерилері мен шенеуніктерінің айтуынша, "Талибан" қозғалысы үкімет күштерінің негізгі арсеналын басып алып, әлемдегі ең қуатты террористік топқа және Орталық Азиядағы ең қуатты әскери күштердің біріне айналған.
Reuters агенттігі мәліметінше, атыс қаруы, гранатомет пен миномет саны жүз мыңнан асады. Бір кездері Америка Құрама Штаттары ауған армиясына кемінде 600 мың жаяу әскер қаруын, 162 мың байланыс құралдары мен 16 мыңға жуық түнде көру құралдарын жеткізгені хабарланды. "Талибан" қозғалысы өкілдері мұның бәрін әлеуметтік желілерде белсенді түрде көрсетті.
АҚШ үкіметінің есеп беру басқармасы (GAO) мәліметінше, 2002-2017 жылдар аралығында АҚШ Ауғанстан әскерилеріне қару-жарақ, соның ішінде артиллерия, зымырандар, түнде көруге арналған көзілдірік, тіпті шағын ұшқышсыз ұшу аппараттары үшін 28 миллиард долларға жуық қаражат бөлген. Америкалық Black Hawk тікұшақтары Ауғанстан әскерінің тәліптерге қарсы ең күшті қаруы болған.
Америка Құрама Штаттары 2003-2016 жылдар аралығында ауған әскерлеріне 208 ұшақ берген. Өткен аптада бұл ұшақтардың көпшілігі тәліптерден қашқан ауған ұшқыштары үшін пайдалы болды.
АҚШ шенеуніктерінің бірінің айтуынша, 40-50 ұшақты пана іздеген ұшқыштар Өзбекстанға жеткізген.
АҚШ-тың қазіргі және бұрынғы шенеуніктері бұл қару-жарақ, техниканы халыққа қарсы қолдану ықтималдығы өте жоғары екенін айтады. Бұған қоса, тәліптер қаруды Қытайға немесе Ресейге сатуы да мүмкін деп күдіктеледі.
Айта кетейік, АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі бұл жағдайға қатты алаңдаушылық білдіріп, бірнеше нұсқаны қарастырып жатқаны айтылған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также