ПОДЕЛИТЬСЯ
14 сәуір 2023 | 10:02
Танымал туристік елдің жағажайын акула жайлады
Таиландтың оңтүстік-батысындағы туристер көптеп баратын Ко-Пхи-Пхи-Ле аралдарының маңындағы мүйісті акула жайлаған. Енді демалушылар суға тізеден ғана келетін жерлерде түсе алады, деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Foxnews басылымына сілтемеме жасап.

2018 жылы Таиланд үкіметі турситердің молдығынан экожүйеге тиетін зиян туралы дабыл қағып, аралға біраз уақытқа дейін баруға тыйым салды. Бастапқыда тыйым төрт айға есептелген еді, алайда пандемия салдарынан арал төрт жылға бос қалды.
Осы уақытқа дейін акуланың популяциясы қалпына келген. 2022 жылы ел билігі аралға барауға шектеумен рұқсат берді. Алайда туристердің оралуы акуланың популяциясына қайтадан зиян келтіре бастады. Табиғат қорғаушылары шектеуді қатаңдатуды талап етіп жатыр, алайда үкімет мұндай қадамға асығып отырған жоқ. Өйткені панедмияға дейін туризм Таиландтың жалпы ішкі өнімінің 12 пайызын құраған еді. Ал Пхи-Пхи паркінен түсетін пайда екі есе азайып кетен.
Пхи-Пхи-Ле аралдарының жағажайы 2000 жылы Леонардо Ди Каприо түскен "Пляж фильмінен кейін кең таныла бастады". Кейінгі рет 2018 жылы аралға турситердің ең көп келгендегісі күніне 5’000 адам және 200 қайыққа дейін жеткен еді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!
Показать комментарии
Читайте также