18 наурыз 2021 | 17:35

Танзания президенті неден қайтыс болғаны хабарланды

Джон Магуфули. Фото ©REUTERS

Танзания президентінің орынбасары Самиа Сулуху Хасан елдің бұрынғы басшысы Джон Магуфули неден қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Танзания президентінің орынбасары Самиа Сулуху Хасан елдің бұрынғы басшысы Джон Магуфули неден қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саясаткер Tanzania Broadcasting Corporation ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде мәлімдеме жасады. Кейін тікелей эфирдегі видеосын Twitter-парақшасына жариялады.

Самиа Сулуху Магуфули он жылдан бері күресіп келе жатқан жүрек ауруынан қайтыс болғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Құрметті танзаниялықтар, бүгін, 2021 жылдың 17 наурызында, сағат 18.00-де, Дар-эс-Саламедегі Мзен ауруханасында біз инфаркттан қайтыс болған ержүрек көшбасшымыз, президент Джон Магуфулиден айырылғанымызды өкінішпен хабарлаймын", - деді Сулуху.

Бұған дейін Магуфулидің қатты ауырып жүргені хабарланған болатын. "Шамамен екі апта бойы көпшілік алдында шықпаған Африка елдерінің бірінің басшысы COVID-19-бен Найроби ауруханасына жатқызылды" деген ақпарат жарияланған

Бұған дейін Магуфули Танзанияда SARS-CoV-2 жоқ деп мәлімдеген. Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 вакциналарын сатып алу жоспарда жоқ екенін де хабарлаған. Магуфули тұрғындарға аурулармен күресу үшін үш күн дұға оқуға шақырған болатын, коронавирус сөзін айтпауға кеңес берген және локдаун енгізбейтінін айтқан. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, Танзания коронавирус бойынша деректерді 2020 жылдың мамырынан бастап хабарламаған. ДДҰ-да бар ақпарат бойынша, елде барлығы 509 COVID-19 жағдайы анықталып, 21 өлім тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная