02 қыркүйек 2022 | 10:16

Ташкент әуежайында шетелден 57 қолтырауын алып келген жолаушы ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Ташкент әуежайында жолаушы 57 қолтырауынды алып өтпек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстанның Экология және қоршаған ортаны қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ташкент әуежайында жолаушы 57 қолтырауынды алып өтпек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстанның Экология және қоршаған ортаны қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 тамызда М. есмді азамат Каирден (Мысыр) Ташкентке ұшып, Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайына қонған. Ол 57 кіші қолтырауынды алып келген. Болжам бойынша, олар - Ніл қолтырауыны Crocodylus niloticus. Ер адамның тиісті рұқсаттары болмаған.

Реклама
Реклама

Контрабандист кішкентай қолтырауындарды көкөністер мен жемістермен жауып, контейнерлерге орналастырған. Оны сканерден жасыру үшін фольгаға орап қойған.

Экология жөніндегі мемлекеттік комитет пен "Ташкент-АЭРО" шекаралық ветеринарлық бекетінің қызметкерлері қолтырауынның төлдерін уақытша сақтау үшін Ташкент зообағына тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная