ПОДЕЛИТЬСЯ
31 тамыз 2017 | 14:41
Ташкентте Ислам Каримовқа ескерткіш қойылды
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Татьяна Каримова бейсенбіде Ислам Каримовтың елдегі алғашқы ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Татьяна Каримова бейсенбіде Ислам Каримовтың елдегі алғашқы ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
"Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың ескерткіші 31 тамызда Ташкенттегі Оксарой резиденциясының алдында ашылды. Ашылу салтанатына президент Шавкат Мирзиеев және тұңғыш президенттің жұбайы Татьяна Каримова қатысты", - деп хабарлайды gazeta.uz интернет басылымы.
Қолдан құйылған ескерткіш авторы өзбекстандық мүсінші Ильхом Жаббаров 2016 жылы тұңғыш президентке ескерткіш бойынша Көркем өнер академиясы жариялаған конкурсты ұтып алған болатын.
Басылымның мәліметі бойынша, ашылу салтанатына елдің премьері Абдулла Арипов, үкімет мүшелері, министрлік, парламент пен ведомство өкілдері қатысқан.
"Мен Ислам Абдуғаниұлы Каримовты ұлықтаған ескерткіш авторына ризашылығымды білдіргім келеді. Мүсінші ескерткіштің осы образы арқылы оның мықты рухы мен жоғары адами қасиеттерін жеткізе алған", - деп келтіреді Татьяна Каримованың сөзін uznews.uz. Сонымен қатар, ол қазіргі президент Мирзиеевке де алғысын білдірді.
2016 жылдың қарашасында Өзбекстан президентінің жесірі мен кенже қызы Лола Каримова-Тилляева Каримов атындағы қоғамдық қайырымдылық қорын құрды, қор Оксарой аумағында орналасқан.
Республиканы 1989 жылдан бері басқарған Ислам Каримов 2016 жылдың 2 қарашасында 78 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Елдің тұңғыш президенті Самарқанда жерленді.
Показать комментарии
Читайте также