29 наурыз 2022 | 15:36

Ташкентте қызын аюға тастап жіберген әйелге қатысты сараптама нәтижесі шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Ташкентте сот-психиатриялық сараптама үш жасар қызын хайуанаттар бағындағы аюдың торына тастап жіберген әйел психикалық дертке шалдыққанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ташкентте сот-психиатриялық сараптама үш жасар қызын хайуанаттар бағындағы аюдың торына тастап жіберген әйел психикалық дертке шалдыққанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Кешенді сот-психиатриялық және психологиялық сараптама қорытындысы бойынша, күдікті өмір бойы психикалық ауытқудан зардап шеккен. Бұл психикалық жағдайына байланысты әйел тергеу мен сотта дұрыс айғақтар бере алмайтындығын көрсетеді", - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Бас прокуратура мәліметінше, тергеу органдары әйелге қатысты "медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын" қолдану туралы шешім шығару үшін істі сотқа жіберуді ұйғарған.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Ташкент хайуанаттар бағының баспасөз қызметі 28 қаңтарда әйел өз қызын аю қамалған торға тастап жібергенін хабарлаған болатын. Аю қызға тиіспеген, бірақ бүлдіршін бес метр биіктіктен құлаған. Прокуратура органдары анасына қатысты "Қасақана кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, онда кемінде 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная