ПОДЕЛИТЬСЯ
30 наурыз 2021 | 09:13
Татарстанда газ жарылып, алты пәтер қирады
Татарстанның Зеленодольск қаласында газ жарылып, салдарынан бес адам ауруханаға жеткізіліп, бір адамға оқиға орнында көмек көрсетіліп, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Татарстанның Зеленодольск қаласында газ жарылып, салдарынан бес адам ауруханаға жеткізіліп, бір адамға оқиға орнында көмек көрсетіліп, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Бір адам оқиға орнында қаза тапты, зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілді. Әйел адамның жағдайы ауыр, қалғаны - орташа, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бір адамға оқиға орнында қажет көмек көрсетілді", - деді Татарстанның ДСМ өкілі.
Оның сөзінше, зардап шеккендер арасында балалар жоқ.
Бұған дейін елдің Төтенше жағдай министрлігі жеті адам зардап шеккенін және бір адам қаза тапқанын хабарлаған болатын.
Ведомство мәліметінше, тоғызқабатты үйде жарылыс болғаны туралы хабар 23:44-те (астана уақыты бойынша) түскен. Өрт шықпаған.
Ресейдің Татарстан бойынша тергеу комитеті жарылыс себебі тұрмыстық газдың жарылуы екенін айтады. Адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Республика прокуратурасы істі тергеп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также