19 наурыз 2021 | 13:24

Татарстанда сары қар жауды

Видеодан алынған кадр

Синоптиктер Қазақстан мен Төменгі Еділ аумағында кейінгі күндері шаңды дауыл болып, ауа массаларының қозғалысынан Татарстанда сары қар жауғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Челнинские Известия басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер Қазақстан мен Төменгі Еділ аумағында кейінгі күндері шаңды дауыл болып, ауа массаларының қозғалысынан Татарстанда сары қар жауғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Челнинские Известия басылымына сілтеме жасап. 

Метеорологтар желмен атмосфераға көтерілген құм мен шаң қармен бірге түсіп, оған сарғыш реңк беретінін түсіндірді.

Бұл ерекше құбылыс аймақ тұрғындарын таңғалдырды. Содан адамдар оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде белсенді бөлісе бастады.

Реклама
Реклама

Сары қар Ресейдің Самара, Ульяновск, Саратов, Орынбор облыстарында да жауды.

Еске салайық, 16-17 наурызда Маңғыстау облысын шаңды дауыл басты. Жолдың алдағы 1-1,5 метрі ғана көрінді. Осыған байланысты аймақта республикалық маңызы бар екі жол жабылды, ал өткізу пункттерінде жүк көліктері үлкен кептелісте тұрып қалды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная