ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қазан 2020 | 07:18
Таулы Қарабаққа Сириядан әскер жіберіп жатыр - құқыққорғаушылар
Түркиялық жеке әскери компаниялар Анкараның қолдауымен Сириядан сарбаз іріктеп, Әзербайжан тарапы үшін Қарабақ қақтығысының аймағына жіберіп жатыр, - деп хабарлайды РБК.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркиялық жеке әскери компаниялар Анкараның қолдауымен Сириядан сарбаз іріктеп, Әзербайжан тарапы үшін Қарабақ қақтығысының аймағына жіберіп жатыр, - деп хабарлайды РБК.
Бұл туралы Ұлыбританияда орналасқан Сириялық адам құқықтарын қадағалау жөніндегі мониторинг орталығы хабарлады.
Орталықтың мәліметінше, Әзербайжанға кем дегенде 850 әскер өткен. 29 қыркүйек олардың саны 320 деген болатын, бірақ тәулік ішінде қақтығыс аймағына тағы 520 адам жеткізілген-мыс. Әзербайжанға алып кетерде олардың негізгі міндеті жекелеген пунктерді күзету болатын, алайда оларды әскери қақтығысқа тартатын болыпты.
Таулы Қарабақта не болып жатыр?
Орталық дереккөзге сілтеме жасап, Сириядан жеткізілген сарбаздардың көбі түркілерден шыққанын (сириялық түрікмендер, Сирияның солтүстігіндегі түркі тұрғындары). Ал Анкараны қолдайтын араб топтары сарбаз беруден бас тартқан.
"Жаңалық қате, қақтығыс емес". Танымал тұлғалар Таулы Қарабақтағы жағдай туралы не дейді?
Еске салайық, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.
Себебі Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштері Қарабақтағы елді мекендерге оқ жаудырғанын мәлімдеді, осы ақпараттарға сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Армения ҚМ мәлімдеуінше, Карабақ "әуе және зымыран шабуылына тап болған", Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также