ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қыркүйек 2020 | 14:05
Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді
Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян елде соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады. Бұл туралы Қарабақ басшысының баспасөз хатшысы Ваграм Погосян мәлімдеді , - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян елде соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады. Бұл туралы Қарабақ басшысының баспасөз хатшысы Ваграм Погосян мәлімдеді , - деп хабарлайды РИА Новости.
Ол өзінің Facebook-тегі парақшасында Арутюнянның мәлімдемесін жариялады: "Қазіргі жағдайға байланысты Ұлттық жиналыстың кезектен тыс отырысы шақырылды. Депутаттар алдында соғыс жағдайы мен 18 жастан асқан адамдарды жаппай әскерге шақыру туралы жарияладым", - деп хабарлады ол.
Қарабақ омбудсмені Артак Бегларян Әзербайжанмен атыс салдарынан бір әйел мен баланың қайтыс болғанын мәлімдеді.
"Әзербайжандардың атысы салдарынан бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Мартунин ауданында екі адам қайтыс болды - әйел мен бала, екеуі адам жарақат алды. Басқа елді мекендер бойынша деректер нақтыланып жатыр. Мектептер, соның ішінде Степанакерт те артиллериялық атысқа ұшырады", - деп жазды Бегларян Facebook-те.
Ол Қарабақта азаматтық инфрақұрылым зақымдалғанын айтты.
Жексенбіде Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштері Қарабақтағы елді мекендерге оқ жаудырғанын мәлімдеді, осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Армения ҚМ мәлімдеуінше, Карабақ "әуе және зымыран шабуылына тап болған", Армения жағы Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады.
Қарабақтағы қақтығыс 1988 жылы ақпанда, Таулы Қарабақ автономиялық облысы Әзербайжан КСР құрамынан шығатынын жариялағанда басталған болатын. 1992-1994 жылдардағы қарулы қақтығыс кезінде Әзербайжан Таулы Қарабақ пен оған іргелес жатқан жеті ауданды бақылаудан шығарып алды. 1992 жылдан бері жанжалды бейбіт реттеу бойынша ЕҚЫҰ-ның Минск тобы шеңберінде Ресей, АҚШ және Франция тең төрағаларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әзербайжан өзінің аумағы тұтас болғанын талап етеді, ал Армения мойындалмаған республиканың мүддесін қорғап отыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также