29 қараша 2017 | 09:27

Тайландта алып жылан ер адамды өз үйінде буындырып өлтірді

Тайландта алып питон 55 жастағы ер адамды өз үйінде буындырып өлтірген. Бұл туралы Sanook News хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тайландта алып питон 55 жастағы ер адамды өз үйінде буындырып өлтірген. Бұл туралы Sanook News хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Саван Таклай деген ер адам алып жыланды ұстап алып, осы шыны құтыға салып қойған. Бірнеше күннен кейін ер адам питонды шығарғысы келгенде ол шабуыл жасаған. Бастапқыда ол ер адамның қолынан тістеп, кейін мойнына айналған. Осы кезде үйде ер адамның 63 жастағы әпкесі болған. Ол айғайды естіп, көмекке келген. Алайда питонға шамасы келмеген. Әйел көмек шақырғанша бауыры қайтыс болған. Оқиға орнына келген полицейлер ер адамның өлімін тіркеген.

Реклама
Реклама


© Sanook News


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная