Тәжікстандағы тәртіпсіздіктер кезінде үш адам қайтыс болды

©bloknot.ru

Тәжікстанның Хорог қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде үш адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ca-news.org сайтына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, кеше, 21 мамырда ішкі істер органдарының есірткі сатумен айналысатын бір қылмыстық топты құрықтау операциясы кезінде тәртіп сақшылары жергілікті жастардың қарсылығына тап болды. Соның салдарынан жаппай тәртіпсіздік басталып кетті. Соңғы ақпаратқа сәйкес, үш адам қайтыс болды. Олардың ішінде милицияның екі қызметкері бар. Оқ тиген тағы жеті адам ауруханаға жеткізілді. Үшеуі - тәртіп сақшысы. Тәртіпсіздіктер кезінде автокөліктер, ішкі істер және прокуратура органдарының ғимараттары өрттенді.    

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов қаладағы жағдайды бақылауға алып, кінәлі азаматтарды жазаға тартуды тапсырды. Қазір Хорог қаласында жағдай қалыпты. Қырғызстан болса, Тәжікстанмен арадағы шекараны күзету шараларын күшейтті. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама