04 шілде 2022 09:30

Тбилисиде грузиялықтар үкіметтің отставкаға кетуін талап етті

Дина Шарипханова Корреспондент
© photo: Sputnik

Тбилиси мен Грузия облыстарының бірнеше мың тұрғыны Грузия парламенті ғимаратының алдына жиналып, үкіметтің отставкаға кетуін және Грузияның кандидат ел мәртебесін алуы үшін ЕО шарттарын орындауын талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Грузия басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наразылыққа шыққандар Руставели даңғылынан биліктегі "Грузин арманы" партиясының бас кеңсесіне барды. Оларды сол жерде күшейтілген полиция жасақтары қарсы алды.

"Ұят" жастар ұйымы жетекшілік ететін "Халық қозғалысы" 24 маусымда үкіметтің отставкаға кетуін және елде жаңа технократтық министрлер кабинетін құруды талап еткен еді. Әйтпесе, қозғалыс 3 шілдеден бастап наразылық акцияларын өткізеді деп қорқытқан болатын.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram