Тегеран АҚШ-тың авантюралық әрекеттеріне дереу жауап қайтаруға уәде берді

Тегеран АҚШ-тың авантюралық әрекеттеріне дереу жауап қайтаруға уәде берді khamenei.ir

Иран көшбасшысы Моджтаба Хаменеидің бас кеңесшісі әрі елдегі жетекші саясаткерлердің бірі Али Акбар Велаяти АҚШ президенті Дональд Трамптың қоқан-лоқысына жауап беріп, Американың авантюралық әрекеттеріне дереу тойтарыс берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.

Велаяти Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Трампты жаңа шиеленістерге себепкер болды деп айыптады. Оның айтуынша, Трамп уағдаластықты бұзғанын ауызша мойындап, аймақты қайтадан отқа ораған.

Иран көшбасшысының кеңесшісі Тегеран басшылығы бұған дейін де бұл аймақ саяси авантюралар орны емес екенін ескерткенін еске салды.

Жарнама
Жарнама

Сонымен қатар Иран парламентінің спикері Мохаммад-Багер Галибаф АҚШ-тың Иранға жасаған соққыларынан кейін Ормуз бұғазы Американың қоқан-лоқысымен емес, тек Иранның шарттарымен ашылатынын мәлімдеді.

"Ормуз бұғазы тек Иранның шарттарымен ғана қайта ашылады, Американың қоқан-лоқысымен емес", - деді Галибаф. Оның сөзін Press TV телеарнасы келтірді.

Трамп Анкарада өткен НАТО-ға мүше мемлекеттер мен үкімет басшыларының 36-шы саммитінде сөйлеген сөзінде америкалықтардың Иранға тағы бір қуатты соққы жасауы мүмкін екенін айтты.

Осыдан кейін сәрсенбі күні кешке АҚШ қарулы күштерінің Иранға қарсы жаңа шабуылдар толқынын бастағаны белгілі болды. Ирандық БАҚ Парсы шығанағындағы Абу-Муса аралында, сондай-ақ Ираншахр, Чабахар, Конарак, Сирик, Джаск, Бендер-Аббас және Аккала қалаларында жарылыстар болғанын хабарлады.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама