Тегеран бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Тегеран бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді Фото:depositphotos.com

Тегеран достас елдердің кемелеріне бұғатталған Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді. Бұл туралы Иран СІМ басшысы Аббас Аракчи мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Тегеран достас елдердің кемелеріне бұғатталған Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді. Бұл туралы Иран СІМ басшысы Аббас Аракчи мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Біз Ормуз бұғазы арқылы өтуге өзімізге достас деп санайтын бірнеше елге, мәселен, Ресей, Үндістан, Ирак, Қытай және Пәкістанға рұқсат бердік. Қарсыластарымыздың бұғазды пайдалануына жол берудің қисыны жоқ", - деп келтіреді оның сөзін "Аль-Алям" телеарнасы.

Аракчидің айтуынша, Ормуз бұғазы арқылы өтуге тек Тегеран қарсылас санайтын АҚШ пен Израиль кемелеріне өтуге тыйым салынған.

Реклама
Реклама

"Жау тарап өзге мемлекеттердің көмегімен бұғазды бұғаттан шығаруға тырысты, бірақ одан ештеңе шықпады. Бұғаз тек дұшпандардың кемелері үшін жабық", - деді министр.

Бұған дейін Bloomberg агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап, Иран мақұлданған тасымалдаушылар үшін бұғаз арқылы өтудің ақылы жүйесін енгізгенін жазған болатын.

Сәрсенбі күні Bloomberg Вашингтон Тегеранға тапсырды делінген бейбіт жоспардың мәтінін жариялады. 15 тармақтан тұратын құжаттың біріне сәйкес, Ормуз бұғазы еркін кеме қатынасы аймағы болып қалуы тиіс.

Айта кететін жайт, Тегеран бұл талаптарды қисынсыз деп атап, олардан бас тартқан. Ал Ақ үй жарияланған ақпаратта жалған деректер көп болғанымен, шындыққа жанасатын мәлімет те бар екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Иран телеарнасы елдің барлық талабы орындалмайынша агрессияға қарсы тұруға ниетті екенін хабарлаған. Бұл талаптардың қатарында болашақта соғыстың қайталанбауына кепілдік беру, шығындарды өтеу және Ормуз бұғазына бақылау орнату бар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама