ПОДЕЛИТЬСЯ
04 тамыз 2019 | 11:23
Техастағы атыс: оқиғаның мән-жайы анықталды
Техас штатының губернаторы Грег Эбботт Эль-Пасо қаласындағы сауда орталығында оқ жаудырған ер адамның ұсталуы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Техас штатының губернаторы Грег Эбботт Эль-Пасо қаласындағы сауда орталығында оқ жаудырған ер адамның ұсталуы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Эбботттың айтуынша, сауда орталығындағы атыс туралы ақпарат жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 10.39-да (Нұр-сұлтан уақыты бойынша 21.39-да) түскен. Полицейлер оқиға орнына алты минуттан кейін келген. 11.06-да (Нұр-сұлтан уақытымен 22.06-да) күдікті ұсталды. Жалпы операция 21 минутқа созылды.
Ер адам тәртіп сақшыларына өзі берілген.
Бұған дейін Техастың батысындағы Эль-Пасо қаласының Walmart сауда орталығында атыс салдарынан 20 адам қаза тапқаны, 26 адам жарақат алып, ауыр жағдайда жатқаны мәлім болған. Қару ұстаған адам 21 жастағы Патрик Крузиос болып шықты. Полицейлер бір адамның ұсталғанын растады, дегенмен, мұның алдында атысты ашқан адамдардың бірнешеу екені хабарланған.
Сауда орталығында оқ атпас бұрын ер адам өзінің Twitter-дегі парақшасында наурыздың ортасында Жаңа Зеландиядағы мешіттерде болған лаңкестік әрекетті қолдап, манифест жариялаған. Бұл қайғылы оқиға 50 адамның өмірін қиған, тағы 50-і зардап шеккен еді.
Атыс болған сауда орталығы Америка мен Мексика шекарасына жақын жерде орналасқан. Оған келетін адамдардың айтарлықтай бөлігі мексикалықтар, олар Эль-Пасоға тауар сатып алу үшін барады екен.
АҚШ президенті Дональд Трамп Техастағы оқиғаны "қорқақтық актісі" деп атап, оны айыптады. "Кінәсіз жандарды өлтірген адамдарды ақтайтын ешқандай себеп немесе ақтау жоқ", - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.
Today’s shooting in El Paso, Texas, was not only tragic, it was an act of cowardice. I know that I stand with everyone in this Country to condemn today’s hateful act. There are no reasons or excuses that will ever justify killing innocent people....
— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) August 4, 2019
Показать комментарии
Читайте также