08 қыркүйек 2021 13:43

Теракт ұйымдастырды деген күдікті Ауғанстанда ІІМ басшысы болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

АҚШ-та террористік шабуыл жасады деген күдікпен іздестіріліп жатқан Сираджуддин Хаккани Ауғанстан уақытша үкіметінің ішкі істер министрі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та террористік шабуыл жасады деген күдікпен іздестіріліп жатқан Сираджуддин Хаккани Ауғанстан уақытша үкіметінің ішкі істер министрі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Жақында "Талибан" Ауғанстанда уақытша үкімет құрып, елді Ислам Әмірлігі деп жариялаған болатын. Сондай-ақ, министрлер кабинетіне тек ер адамдарды сайлады, олардың кейбіреулері соңғы жиырма жыл ішінде АҚШ әскерлеріне жасаған шабуылдарымен танымал.

Террористік топтың жоғарғы басшысы жаңа үкімет өздерінің фундаменталистік идеологиясына сәйкес ислам шариғатының заңдарын басшылыққа алатынын айтты.

Реклама
Реклама

Мохаммад Хасан Ахунд

Үкімет басшысы БҰҰ-ның қара тізімінде тұрған "Талибанның" негізін қалаушылардың бірі молда Мохаммад Хасан Ахунд болды. Ол Ауғанстан үкімет армиясымен соғыс кезінде содырларды басқарған болатын.

1996-2001 жылдар аралығында Ауғанстан Ислам әмірлігі Ауғанстанның көп бөлігін басқарған кезде, Ахунд "Талибан" бақылауындағы аумақта Сыртқы істер министрі және премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған. БАҚ мәліметінше, ол әскери емес, қозғалыстың діни жағына көбірек әсер етеді.

Абдул Ғани Барадар

Премьер-министрдің орынбасары бұрын "Талибанның" саяси қанатын басқарған молда Абдул Ғани Барадар болды. "Талибан" билікте болған кезде әртүрлі лауазымды атқарды, соның ішінде Герат пен Нимроза провинциясының билеушісі және Батыс Ауғанстандағы әскери корпустың командирі болды.

2010 жылдың ақпан айында Карачидегі АҚШ-Пәкістан бірлескен операциясы кезінде ұсталып сегіз жыл Пәкістан түрмесінде отырған. 

АҚШ Мемлекеттік департаменті оны бас штаб басшысының орынбасары және Кабул әскери корпусының командирі ретінде қарастырады. Барадар соғыс қимылдары мен шабуылдарды жоспарлауда маңызды рөл атқарды және оларды қаржыландыруға жауапты болған.

Сиражуддин Хаккани

Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы (ІІМ) - "Хаккани желісіндегі" жоғары дәрежелі тұлға, соңғы 20 жылдағы ең қатыгез террорлық шабуылдардың ұйымдастырушысы және БҰҰ мен АҚШ-тың қара тізімінде.

Хаккани 2008 жылы Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзайға қастандық жасауға қатысқан деген болжам бар. Сондай-ақ, "Хаккани желісі" 2011 жылғы 12 қыркүйекте Кабулдағы АҚШ елшілігі мен НАТО-ның жасалған жарылыстың ұйымдастырушысы. Жарылыста төрт полицей мен төрт азаматтық тұлға қайтыс болды.

Мохаммад Хасан Якуб

Соңғы екі жыл ішінде "Талибанның" әскери операцияларын басқарған, "Талибан" ланкестік ұйымының негізін қалаушы Мұхаммед Омар Якубтың ұлы Қорғаныс министрі болды. 

Якуб "Талибанның" бұрынғы жетекшісінің жақтаушысы болған және Сауд Арабиясымен байланысы бар деген қауесет бар. 2016 жылы "Талибан" Якубты Ауғанстанның 34 провинциясының 15-інде әскери комиссияның жетекшісі етіп тағайындады. Ибрахим Садр бастаған әскери комиссия "Талибан" әскери істерін бақылауға жауапты болды. Сонымен қатар, ол "Талибанның"жоғарғы басқарушы кеңесіне кірді.

Әмір Хан Муттаки

Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы (СІМ), АҚШ-пен әскерлерді шығару туралы келіссөздерге қатысқан жоғары лауазымды тұлға. Муттаки - Ауғанстанның бұрынғы білім министрі және бұрынғы ақпарат және мәдениет министрі (2001 жылға дейін), БҰҰ санкциялар тізіміне енгізілген.

Барлау министрлігін Абдул Хак Васик басқарды. Ол 2002-2014 жылдары Гуантанамодағы америкалық әскери базада тұтқында болған. Соңында оны "Хаккани желісінің" содырлары басып алған АҚШ әскери қызметкеріне ауыстырды.

Үкіметте барлығы 20 адам. Сонымен қатар, орталық банктің басшысы, бас штаб басшысы, әкімшілік басшысы тағайындалды, ал қалған салаларды көшбасшы Хайбатулла Ахундзадаға басқарады.

Еске салайық, 17 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялады. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram