14 маусым 2022 07:10

Терең құдыққа түсіп кеткен бала бір күннен кейін құтқарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото nuz.uz сайтынан

Өзбекстанда егіс алқабында қазылған құрғақ артезиан құдығына құлаған 6 жасар бала бір тәуліктен кейін құтқарылдыі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға Қашқадария облысы, Шырақшы ауданы, Лангар ауылында болған. 12 маусым күні түс ауа баланың әкесі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабарласып, көмек сұраған. Оқиға орнына дереу Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен тиісті қызметтер жеткен.

Диаметрі 200 миллиметрлік құдықтан баланы шығару үшін экскаваторлар, грейдерлер және басқа да техникалар қажет болды.

Реклама
Реклама

Бала 13 маусым күні сағат 10.25-те шығарылған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жағдайы жақсы деп бағаланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram