ПОДЕЛИТЬСЯ
02 ақпан 2022 | 17:31
Tesla автопилоттағы ақауға байланысты 54 мыңға жуық көлікті зауытқа қайтармақ
Америкалық электромобиль өндіруші Tesla автопилот бағдарламалық құралындағы ақауға байланысты 54 мыңға жуық автокөлікті кері қайтарып алу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Америкалық электромобиль өндіруші Tesla автопилот бағдарламалық құралындағы ақауға байланысты 54 мыңға жуық автокөлікті кері қайтарып алу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
АҚШ-тың Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының (NHTSA) мәліметінше, кейбір автокөлік жүргізушілері қазір бета-нұсқада сынап жатқан Tesla компаниясының толық өзін-өзі басқару бағдарламалық құралы электромобильдерге толық тоқтамай өтуге мүмкіндік берген. Автономды жүргізу жүйесі қиылыстардағы тоқтату белгісіне жауап бермейді деп хабарланды. Автокөлік сағатына 9,6 шақырым жылдамдықпен қозғалуын жалғастырып, төтенше жағдайларды тудырған.
Tesla АҚШ-тағы 53 822 электр көлігін кері қайтарып алу туралы шешім қабылдады. Кері қайтарып алу 2016-2022 жылғы S және X, 2017-2022 жылғы 3 және 2020-2022 Y моделіне қолданылады.
Федералды заң өндірушілерге қауіпсіздікке қауіп төндіретін ақаулары бар көліктерді сатуға, атап айтқанда, қауіпті дизайнды қасақана таңдауға тыйым салады.
Бұған дейін АҚШ прокурорлары тарихта алғаш рет Tesla электрокөлігінің жүргізушісіне қарсы ауыр қылмыс жасағаны үшін айып тақты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также