ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қаңтар 2019 | 10:52
Tesla шығындары миллиард доллардан асты
Америкалық автоөндіруші Tesla компаниясының шығыны 2018 жылдың төрт тоқсаны бойынша 976 миллион доллар немесе акциясы 5,72 доллар болды. Бұл мәліметтер компанияның сайтында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Америкалық автоөндіруші Tesla компаниясының шығыны 2018 жылдың төрт тоқсаны бойынша 976 миллион доллар немесе акциясы 5,72 доллар болды. Бұл мәліметтер компанияның сайтында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның мәліметінше, бұл бір жыл бұрынғы көрскеткішпен салыстырғанда миллиард долларға кем. Осылайша, компания 2017 жылмен салыстырғанда таза шығынды 50 пайызға қысқартып отыр.
Ал бір жылда олар 21,5 миллиард кіріс тапқан, бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырғанда 82 пайызға артық.
Сондай-ақ, 2019 жылы компанияның Tesla Model S және Model X жаппай сатылымдарын сәл қысқартпақшы екенін айтылады. Компания өкілдері 2018 жылы бұл көліктерге сұраныс көп болғаны туралы, сол себепті биыл оның түсетіні туралы айтады. 2019 жылы Model 3 өндірісін аптасына 7 мыңға дейін өсіру жоспарланып отыр екен.
Америкалық Tesla Motors компаниясы 2003 жылы электрмобиль және оған қатысты технологияларды құрастырушы және өндіруші ретінде құрылған еді. Компанияның штаб-пәтері АҚШ-тың Калифорния штатында Пало-Альтода орналасқан. Электрмобильдерден бөлек, компания өз батареялары мен электрқозғалтқыштарды өндіріп, басқа автоөндіруші компанияларға сатады, оның ішінде Toyota және Daimler сынды ірі компаниялар да бар.
Показать комментарии
Читайте также