ПОДЕЛИТЬСЯ
11 тамыз 2020 | 17:29
Тихановская Беларусь халқын көшеге шықпауға шақырды
Беларусь президенттігіне үміткер Светлана Тихановская өз сайлаушыларына видеоүндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Беларусь президенттігіне үміткер Светлана Тихановская өз сайлаушыларына видеоүндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Telegram-дағы TUT.by каналында жарияланды.
Ол өзіне қолдау білдірген тұрғындарды көшеге шықпауға шақырып, заңға бағынуды сұрады.
"Мен, Светлана Тихановская, сіздерге алғысымды білдіремін. Сіздердің арқаларыңызда президент сайлауына қатыстым. Беларусь халқы өз таңдауын жасады. Маған қолдау білдірген барлық тұрғынға алғысымды білдіріп, үндеу жасаймын.
Беларусь халқы! Сіздерді ақылға келіп, заңды сыйлауға шақырамын. Мен қан төгілгенін, зорлық-зомбылық болғанын қаламаймын. Сіздерден милицияға қарсылық көрсетпеуді, көшеге шықпауды, өмірлеріңізге қауіп төндірмеуді сұраймын!", - дейді ол.
Тихановская бұл мәтінді қағаздан басын алмай оқып берді.
Президенттікке үміткер Светлана Тихановская Беларусьтен кетіп қалды
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также