26 қазан 2020 | 09:40

Тихановская Беларусьте жалпыұлттық ереуіл жариялады

© Reuters

Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская Telegram каналында жексенбілік наразылық акциясы кезіндегі күш құрылымдарының әрекеттеріне қатысты түсінік беріп, 26 қазаннан бастап Беларусьте жалпыұлттық ереуілдің басталатын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская Telegram каналында жексенбілік наразылық акциясы кезіндегі күш құрылымдарының әрекеттеріне қатысты түсінік беріп, 26 қазаннан бастап Беларусьте жалпыұлттық ереуілдің басталатын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз сөз беруге және оған жауап беруге дайынбыз. Белорусьтер халықтық ультиматумды жариялады. (...) Бірақ бүгін болған режим шындықты айтуға, айтқан сөздерін үшін жауап беруге және халықтың талабын орындауға дайын емес. Бұл режим күшін жоғалтып жатыр деген сөз.

Сондықтан ертең, 26 қазанда жалпыұлттық ереуіл басталады. Белорусьтер бұл қадамды жасайды, өйткені олардың сөзі заң. Бұған біздің басты бейбіт қаруымыз ынтымақтастық көмектеседі", - деп жазған Тихановская.

Реклама
Реклама

TUT.BY мәліметінше, бүгін, 26 қазанда Беларусьте кей компания мерзімсіз демалысқа кеткен. Олардың ішінде медициналық орталықтар, дүкендер, интернет-дүкендер, барлар, дәмханалар, тіл мектептері, тренажер залдары, туристік компаниялар, гүл жеткізу қызметтері, дизайн студиялары, сұлулық салондары, техниканы жөндеу бойынша қызмет көрсету орталықтары, бильярд клубтары және шағын базарлар бар бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная