Тихановская бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылды

Фото ©REUTERS

Норвегиялық парламентшілер Беларусь президенттігіне үміткер болған және Беларусь оппозициясының басшысы Светлана Тихановскаяны бейбітшілік бойынша 2022 жылдың Нобель сыйлығына ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Twitter-де оның кеңесшісі Франак Вячорка хабарлады.

"Бұл бостандық үшін күресіп жүрген барлық белорусқа құрмет", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Реклама
Реклама

Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы - жыл сайын Ослодағы Нобель комитеті бейбітшілікті нығайтуға зор үлес қосқан жеке тұлғалар мен ұйымдарға беретін марапат. 2021 жылы бұл марапатқа филиппиндік журналист Мария Рессе мен "Новая газета" бас редакторы Дмитрий Муратов ие болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама