29 қыркүйек 2020 | 16:39

Тихановская Франция президентімен кездесті

Фото: Tengrinews.kz

Беларусь президенттігіне экс-үміткер Светлана Тихановская Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Беларусь президенттігіне экс-үміткер Светлана Тихановская Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тихановская (Макронға- ескерту) биыл Беларусь халқы жаңа сайлауды өткізгісі келетінін айтты. Сайлау халықаралық келіссөздердің тақырыбы болуы керек, ал ЕҚЫҰ - мұндай келіссөздердің ең жақсы платформасы. Светлана Тихановская барлық тараппен, оның ішінде Ресеймен келіссөздерді ұйымдастыру және Беларусьті дағдарыстан шығару мәселесі жөнінде сөйлесуге дайын екенін атап өтті", - делінген Telegram-дағы "Пул Первой" каналында.

Реклама
Реклама

РИА Новости агентігінің мәліметінше, Мәскеу мемлекеттік университеті Халықаралық қатынастар және дипломатия кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Юрий Разживин Франция президенті Тихановскаямен кездесу кезінде дипломатиялық хаттаманы өрескел бұзғанын айтқан. Оның пікірінше, бұл кездесу Беларусьтегі жағдайға әсер етпейді.

Айта кетейік, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтіп, соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан еді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная