05 наурыз 2021 | 09:55

Тихановская Ресейге оралған Навальныйдан қандай айырмашылығы барын айтты

Фото: РИА Новости

Оппозиционер Светлана Тихановская Беларуське оралғысы келмейді, өйткені ол саяси карьера құрғысы келмейді және өз елінен гөрі шетелде жетістікке жете аламын деп сенеді. Ол бұл туралы Швейцарияның Tages-Anzeiger газетіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Дождь" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оппозиционер Светлана Тихановская Беларуське оралғысы келмейді, өйткені ол саяси карьера құрғысы келмейді және өз елінен гөрі шетелде жетістікке жете аламын деп сенеді. Ол бұл туралы Швейцарияның Tages-Anzeiger газетіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Дождь" телеарнасына сілтеме жасап.

"Навальныйдың жағдайы мүлдем басқа. Ол саясаткер және оралу саяси шешімі болды. Өмір мені қазіргі жағдайға жеткізді. Мен саяси карьера құрғалы жатқаным жоқ. Беларусь халқы менің осында болғанымды құп көреді", - деді Тихановская.

Тихановская күйі нашарласа Беларуське оралу туралы ойлайтынын айтты.

Реклама
Реклама

"Алайда оралу ешнәрсе өзгертпейді. Бұл жүйенің тағы бір құрбаны болар едім. Мұнда түрмеге қарағанда әлдеқайда жақсы жағдайға жете аламын", - деді оппозиционер.

Ол сонымен бірге Беларусьтегі наразылық басылғанынан қорықпайтынын және көпшілікті митингіге шақырмағанын, керісінше наразылықтың осы түрін таңдағандарды қолдайтынын айтты.

"Көшеде революция болмайды. Революция сана мен жүректе. Лукашенко қару қолдану және азаптау арқылы адамдарды көшеден таратып жібере алады, бірақ ол адамдардың өз еркімен ойлануына кедергі бола алмайды", - деді Тихановская.

Бұған дейін Литва Беларуське президенттікке бұрынғы үміткерді беруден бас тартқаны хабарланған еді. Литва сыртқы істер министрінің орынбасары Мантас Адоменас Беларусь билігінің Литвадан Тихановскаяны экстрадициялауды талап етуге тырысқан кез келген әрекеті нәтижесіз аяқталатынын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная