Тісін жұлдыртқан бес жасар бала қайтыс болды

Тісін жұлдыртқан бес жасар бала қайтыс болды © ria.ru

Ресейді? Томск ?аласында бес жасар баланы? тісін ж?лдыру ?шін стоматологиялы? ота жасал?аннан кейін кома?а т?скен, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейдің Томск қаласында бес жасар баланың тісін жұлдыру үшін стоматологиялық ота жасалғаннан кейін комаға түскен, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бала ауруханада қайтыс болды. Тергеушілер баланың мәйітін қарап шықты. Тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді Тергеу комитетінің өкілі Елена Лебедева.

Тергеу мәліметінше, қазан айының аяғында Каргасок ауылында әжесі бес жасар немересін тіс дәрігеріне алып келген, алайда  баланың барынша қарсылық білдіруіне байланысты жалпы наркоз арқылы ота жасау керектігі айтылған. Осыдан кейін бала комаға түскен. Баланы Томск қаласындағы № 1 қалалық ауруханасына жеткізген. Ол онда жансақтау бөлімінде комада жатқан. 

Реклама
Реклама

Тергеушілер "Тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн қызмет көрсету" бабы бойынша іс қозғады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама